Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттері Kazakhstan Smart Space халықаралық байқауының жеңімпаздары
Көрулер: 1751
2022 жылдың 8 сәуірінде ҚазҰУ Ғарыштық техника және технология мамандығының студенттері, Kazakhstan Smart Space ғарыштық технологиялар және техника бойынша халықаралық байқауының финалдық турына қатысты. Kazsmartspace конкурсын Eurasian Space Ventures (ESV) жеке ғарыш компаниясы, Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы (ҰҒЗТО), сондай-ақ қазақстандық жобаларды басқару институты (ҚЖБИ) ұйымдастырды. Аталған іс-шараға ҚР және РФ колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, қосымша білім беру жүйесінің мектептері мен үйірмелерінің 7-22 жас аралығындағы оқушылары құрамында өз оқытушылары мен тәлімгерлері бар командалар қатысты.

Біздің команда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан өнер көрсетті. Оған 5 қатысушы, Механико-Математика факультетінің Механика кафедрасының Ғарыштық техника және технологиялар мамандығының 3 курс студенттері қатысты. Конкурстың финалына 92 жобалық команда келесі номинацияларда: Макет - 26, жұмыс істейтін модель / бұйым / бейнеролик - 24, ғылыми-зерттеу жобасы - 31 және жарыстық - 11 жобалық команда. Біз "CanSat форматындағы шағын ғарыш аппараттарын әзірлеу" проектімен жұмыс істейтін модель / бұйым / бейнеролик номинациясына қатысып, финалда жеңіске жеттік.








