Сіздермен механика кафедрасы жанындағы білім беру орталығының жақсы жаңалығымен бөліскіміз келеді!
Көрулер: 1971
Өндіріспен тығыз байланысты ғылыми-инновациялық кадрлар даярлау жүйесін құру арқылы ғана еліміздің тиімді экономикасына қол жеткізуге болатыны белгілі. Қуанышты жаңалықпен бөлісуге асығамыз – 11 қараша мен 30 желтоқсан 2021 аралығында Механика кафедрасы жанындағы білім беру орталығы өзінің алғашқы Халық Банкі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын сәтті өткізді.

«SQL, PL/SQL-Expert» курсын ақпараттық технологиялар және робототехника саласында тәжірибесі бар, біліктіліктері халықаралық сертификаттармен расталған жоғары білікті мамандар – PhD кафедрасының аға оқытушысы Каимов Сүлеймен Талғатұлы, PhD кандидаты, зерттеуші Каимов Абылай Талғатұлы жүргізді. Курс соңында барлық банк қызметкерлері емтихандарды сәтті тапсырып, университетіміздің сертификаттарына ие болды! Қазақстан Халық банкінің қызметкерлері алған профессионалды, жұмысына өте пайдалы ,машықтары үшін үлкен алғыстарын білдірді.






