On-line практика!
Көрулер: 2134
Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика – математика факультетіндегі механика мамандығының 4-курс студенттері оқу жоспарына сәйкес 18.01.2021-06.02.2021 аралығында «Республикалық физика-математика мектебінде» педагогикалық практикадан өтті.
52 студент - практикант «Математика» және «Физика» кафедраларына бөлінді. Әр студет осы екі пәннің бірін таңдап, алдымен сол пәннен онлайн режимдегі сабақтарға қатысты, кейін өздері де онлайн режимде сабақтар жүргізді.
Практика алдында студенттерді толғандырған сұрақтар көп болды. «Мен мүлдем сабақ беріп көрген жоқпын. Қалай болар екен?» , «Сабақты онлайн қалай өткіземіз?», «Оқушылармен онлайн жұмыс істеу қиын болатын шығар» деген сұрақтар мен күмәнді ойлар басым болды.
Төрт аптаға созылған педагогикалық практика барысында жетекшілік еткен Республикалық физика-математика мектебінің тәжірибелі ұстаздары студенттерге ұстаздықтың сырын меңгертті. Механика кафедрасы тарапынан педагогикалық практикаға ф.м.ғ.к., доцент А.К. Тулепбергенов жетекшілік етті.
Он-лайн практика сәтті өтті!

Механика кафедрасы
Туралина Д.Е.






