Қалалық ғылыми семинар «Жаратылыстанудың математикалық мәселелері. Кері және и дұрыс емес есептер»

11.12.2020

Көрулер: 1676

2020 ж. 9 желтоқсан күні «Реономды материалдардың жылжымалылығы мен зақымданғандығына жүктеу режимінің әсерін модельдеу және зерттеу» тақырыбына онлайн-семинар өтті.

Семинар жетекшілері:

  • · Бектемесов М.Ә. - ф.-м.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің бірінші проректоры;
  • · Рысбайұлы Б. - ф.-м.ғ.д., профессор, ХАТУ-нің «МКМ» кафедрасының меңгерушісі;
  • · Жакебаев  Д.Б. - PhD, доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің деканы.

Баяндамашы:

Енсебаева Гульзат Муратбековна – PhD докторант, мамандығы 6D060300 – «Механика».

Ғылыми кеңесшілер:

Отандық: Ысқақбаев Әлібай – ф.-м.ғ.д., профессор,

                 Телтаев Бағдат Бұрханбайұлы –т.ғ.д, профессор

Шетелдік: Cesare Oliviero Rossi – PhD, профессор, Калабрия университеті, Италия.

Асфальтбетон үлгілерінің 22-24° С температурада тікелей созылу схемасында зерттелгендегі материалдың деформациясы мен қирау сипаттамалары тәжірибелік түрде анықтау нәтижелері қарастырылды. Асфальтбетон үлгілеріне тұрақты кернеуде, сатылы, циклдік жүктемеде (жүктеу-тынығу) және тұрақты жүктеу жылдамдығындағы жүктемеде жүргізілген тәжірибелік сынақтары зерттелді.

Қалалық ғылыми семинар.docx

Туралина Динара

Механика кафедрасы