КАУСТ университетінің профессоры Ким Чун Нг және зерттеу тобы суды тұщыландыру бойынша беделді сыйлыққа ие болды
Көрулер: 1975
КАУСТ университетінің профессоры Ким Чун Нг және КАУСТ зерттеу тобының мүшелері доктор Дж. Мухаммад Шахзад, Мухаммад Бурхан және Досхан Ибрайымқұл 2019 жылы Халықаралық суды тұщыландыру қауымдастығының (Мар) жуырдағы дүниежүзілік конгресінде "Қоршаған орта және тұрақты даму" номинациясы бойынша үздік жұмысы үшін марапатқа ие болды. Жеңімпаз жұмыс 200-ден астам ғылыми жұмыстардың ішінен таңдалды.
20-24 қазан аралығында БАӘ-нің Дубай қаласында өткен дүниежүзілік Конгресс әлемдегі тұщыландыру және суды тазарту бойынша ең беделді кездесу болып саналады. Дубайдағы электр және сумен жабдықтау басқармасы ұйымдастырған бұл шара идеялар мен білім алмасу үшін осы саланың жетекшілерін жинады. Іс-шараға пікірталастар, мастер-кластар, салалық көрме және техникалық бағдарлама кірді.
Механика кафедрасы
Туралина Д.Е.






