Механика кафедрасының түлектері өздерінің білім ордасын құттықтауда
Көрулер: 2766
Механика кафедрасының түлегі, профессор А.Қалтаевтың шәкірті, PhD докторы Бекбауов Бақберген Ермекбайұлы «Ғылым күні» мерекесі қарсаңында өзінің білім алған ордасы механика кафедрасын 85 жылдық мерейтойымен және «Геоэнергетика» білім беру бағдарламасының 10 жылдығымен құттықтады. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің барлық ұжымына жаңа шығармашылық және ғылыми жетістіктер, әрі қарай үлкен және маңызды істе бұдан да үлкен жетістіктерге жетуіне тілек білдірді.
Қазіргі таңда Бекбауов Бақберген Ермекбайұлы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы Акционерлік Қоғамының еншілес ұйымы «КМГ Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жаңа технологиялар және кеніш қабаттарының мұнай беруін арттыру департаментінің директоры.
https://cloud.mail.ru/stock/nyPQRFAUFh5o6ae2R3um345q
Жаңалық Инстаграмда https://www.instagram.com/p/B-znGn2F44w/
Механика кафедрасы
Туралина Д.Е.






