Механика кафедрасының оқытушылары - «Қазақстандағы жаңартылатын энергия» Қазақстан-Герман форумының қатысушылары

28.11.2019

Көрулер: 2335

2019 жылғы қараша айының 26 – сында Алматыда «Рахат Палас» қонақ үйінде Германиядан келген делегацияның қатысуымен Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша Қазақстан-Герман форумы өтті. Германиядан келген экономикалық делегацияның сапарының мақсаты қазақстандық кәсіпорындармен іскерлік байланыс орнату, сондай-ақ Қазақстан нарығында күн және жел энергиясы саласындағы тауарлар мен қызметтерді ұсыну болды.

Аталған форумға механика кафедрасының оқытушылары, доцент Туралина Д.Е., доцент А.Т. Төлепбергенов және докторант Г.Жұмабаева да қатысты.

Жаңалық ВК-да https://vk.com/public181736180?w=wall-181736180_19

Механика кафедрасы

Туралина Д.Е.