«KazNU mechanics» командасы жеңімпаз атанды!

25.02.2019

Көрулер: 2290

15.02.2019 жылы Алматы қаласында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ұйымдастыруымен Halyk Arena Мұз Сарайында робототехникадан университеттер арасында «IITU Robocon 2019» Республикалық чемпионаты өтті. Чемпионатқа Республика бойынша университеттердің ең үздік деген 15 командасы қатысып, өзара бақ сынасты. Олардың қатарында механика кафедрасының докторанты Аманов Бекзат бастаған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «KazNU mechanics» командасы да болды. Команда жарыс барысында дайындықтарының жоғары деңгейде екендігін көрсетіп, жүлделі 2-ші орынға ие болды. Жалпы команда 8 студенттен құралған, дені механика кафедрасында 2018-2019 оқу жылында ашылған робототехника саласының студенттері (Нуруллаев Н.М., Жолдасов Е.Н., Сагитжанов Б.М., Рахматулла З.А., Әзіл З.Н., Убайдуллаев Б.А., Жаңаберген Д.Р.).

 

www.kaznu.kz

Механика кафедрасы

Д.Е.Туралина