Магистранттардың Германиядағы тағылымдамасы

20.02.2019

Көрулер: 2368

    Біздің магистранттар (Асембаев А., Жумабаева Г., Қырғызбаева А, Лемисова А., Низалиев А., Жиеналина А. және Абдрахман А.) ECM Space Technologies GmbH, Берлин техникалық университетінің еншілес өнеркәсібінде (Германия) «Индустрия 4.0 – Сандық революция» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтті.

    Олар «Дәстүрлі салаларға қатысты индустрия - 4.0 мәселелері», «Өндірісті автоматтандыру», «Машиналық оқу», «Интеллектуалды ақпараттық жүйелер» тақырыптарында дәрістер тыңдап, технологияның даму траекториялары, олардың бизнес және өндіріспен байланысы туралы мәліметтер алды. «Өнертапқыштық мәселелерін шешу теориясы» (Теории Решения Изобретательских Задач - ТРИЗ) бойынша профессор М.А.Орловтың шеберлік сабағына қатысып, соңында сертификаттарға ие болды.

    Индустрии - 4.0 бойынша BMW және Volkswagen компанияларының өндірістік бөлімдеріне экскурсиялар жасалынып, өндірісті автоматтандыру әдістері, автомобильдер мен мотоциклдерді жасау процестерімен танысты. Өндірістік бөлімінде экологиялық қауіпсіз өндірістік қондырғыларға, газдар мен қалдықтардың сүзіліуіне баса назар аударатындықтарына көңіл бөлді.

 

 

Туралина Д.Е.

механика кафедрасы