«8D05101 - Биология» және «8D05102 – Биомедицина» мамандықтары бойынша 2 курс докторанттарының ғылыми семинары

24.11.2020

Көрулер: 1392

2020 жылдың 13 қарашасында биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасында 2 курс докторанттарының ғылыми семинары өтті. Семинарда ғылым жаңалықтары туралы б.ғ. к., кафедраның аға оқытушысы Г. К. Датхабаева және 2 курс докторанты А. Кудайбергенова баяндама жасады. Семинар барысында келесі ғылым жаңалықтары тыңдалды:

  • Protecting the brain from infection may start with a gut reaction;
  • International Journals (be careful)
  • Russian covid vaccine shows encouraging results

Семинардың екінші бөлімінде «8D05102 – Биомедицина» мамандығының 2-курс докторанты Есенбекова Арайлым Есенбекқызы диссертациялық жұмысы бойынша «Қант диабетінің 2 типімен ауыратын науқастардың жүрек-қан тамырлары асқынуларының биомаркері ретінде микроРНҚ экспрессиясын және тотығу стресінің статусын зерттеу» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, «8D05101 - Биология» мамандығының 2 курс докторанты Қайрат Б. " Гиппокамп нейронды желісінің қозуын бақылауда тежегіш нейрондардың кальций-өткізуші каинатты және AMPA рецепторларының рөлі" тақырыбында баяндамасы тыңдалды.

Кафедра оқытушылары докторанттардың жұмыстарына байланысты қосымша сұрақтар қойып, бірқатар ескертулер берді. Зерттеу жұмыстары бойынша алда тағы да бірқатар міндеттер орындалу керектігі айтылды. 

www.kaznu.kz