Биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушылары қашықтықта оқытуға көшті

15.04.2020

Көрулер: 1799

 

 

Елімізде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында бірқатар іс-шара қолға алынды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов Қазақстандағы жоғары оқу орындарының 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқыту түріне көшетінін міндеттеді.

Соның нәтижесінде «Биофизика және биомедицина» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қашықтан оқыту жүйесімен, яғни​ онлайн-форматта оқыту үдерісін оқу жүктемесіне, оқу бағдарламасы мен сабақ кестесіне толықтай сәйкес жүргізуде. Кафедрамыздың профессор-оқытушылар құрамы қашықтан оқыту барысында құрал ретінде видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстардан үзінділерді, сонымен қатар кафедра меңгерушісі, б.ғ.д., профессор С.Т. Төлеуханов пен б.ғ.к., профессор Н.Т. Торманов авторлығымен «Биофизика» және «Адам және жануарлар физиологиясы» пәндері бойынша дайындалған ЖАОК пайдалануда.

Әртүрлі қашықтықта отырғандарына қарамастан студенттер мен магистранттар өздеріне жүктелген үлкен жауапкершілікті сезініп, өздерінің білімдерін кеңейту үшін ізденуге, шығармашылықпен ойлануға, диалогқа түсе білуге, өз ойларын дәлелдеуде, ақпарат ресурстарын дұрыс пайдаланып, субъектілік қатынастағы мәселелерді​ шешуде, білімді еркін меңгеріп, оны тәжірибеде қолдануға қабілеттіліктіліктерін көрсетіп отыр.

 

www.kaznu.kz