Жаңалықтар

Биофизика жəне биомедицинаның заманауи мəселелері

21.11.2018

əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология жəне биотехнология факультетінде 21.11.2018ж.  11.00 сағ. 214- аудиторияда "Рухани жаңғыру" аясында кафадра деңгейінде "Биофизика жəне биомедицинаның  заманауи мəселелері" жəне " Менің мақтанышым- Қазақстан" атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында Москвадан келген қонағымыз В.П. Зинченко биофизик мен биомедицинаның заманауи мəселелерін қозғай отырып, өз тəжірибелерімен бөлісті. Кафедра студенттері мен профессорлары сұрақ қою арқылы тақырыпты талқылап, білкмдерін жетілдіре түсті. Əрі қарай " Менің мақтанышым - Қазақстан" атты тақырыпта факультетіміздің 2 курс студенттері үш тілде қонағымыз В.П. Зинченкоға құрмет ретінде өз өнерлерін көрсетті.

Ұйымдастырушылар: Биофизика жəне биомедицина кафедрасының "Хронобиология жəне хрономедицина" орталығы жəне оқытушылары: Тулеуханов С.Т., Абылайханова Н.Т., Атанбаева Г.К.,  Тусумбекова Г.А., Швецова Е.В., Абдрасулова Ж.Т., Ыдырыс Ə., Есенбекова А.Е.

Ары қарай оқу >>

Виварийге саяхат

19.11.2018

“Green Campus” жобасының аясында «5В011300-Биология» мамандығының 2 курс студенттеріне биология және биотехнология факультеті базасындағы биологиялық клиникаға экскурсия жасалды. Экскурсия мақсаты: студенттерді биологиялық зерттеулерде қолданылатын зертханалық (модельдік) жануарлармен жұмыс істеудің жалпы ережелерімен таныстыру.

Экскурсия барысында биоклиника қызметкерлері студенттерге виварий ішін аралатып, зертханалық жануарларды күтіп-баптау әдіс-тәсілдерімен таныстырды.

Ұйымдастырушы: биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы Қайрат Б.Қ.

 

Ары қарай оқу >>

Аквариалды зертханаға саяхат

15.11.2018

«Green campus» жобасының аясында «5В060700-Биология» мамандығының 1 курс студенттеріне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің аквариалды зертханасына экскурсия жасалды.

Экскурсия мақсаты: студенттерді сәндік балықтарды өсіру тәсілдерімен таныстыру және студенденттерді табиғатқа деген сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Экскурсия барысында биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы Джумаханова Г.Б. студенттерге балықтарды қоректендіру мен күтіп-баптаудың ерекшеліктері жайлы ақпарат берді. Жалпы алғанда, экскурсия білім алушыларға қызықты, әрі пайдалы өтті. Экскурсия барысында студенттер балықтар мен басқа да су жәндіктері туралы көптеген қызықты әрі жаңа мағлұматтар алды.

 

Ұйымдастырушы: куратор-эдвайзер Қайрат Б.Қ.

 

Ары қарай оқу >>

Биология мұражайына саяхат

08.11.2018

08 қараша 2018 ж. «5В060700-Биология» мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен Биология мұражайының экспозияция залдарына экскурсия жасалды. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология мұражайы 1936 жылы биология факультетінің зоология кафедрасының жанынан зоология, ал 1949 жылы биология мұражайы болып ашылған. Мұражайдың қазіргі экспозициялық залы 1984 жылы университеттің 50 жылдық мерейтой қарасаңында ашылған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология мұражайы республика аумағында ғана емес, сондай-ақ ТМД жоғарғы оқу орындарының арасында теңдесі жоқ бірегей мұражай!!!

Экскурсия мақсаты: білім алушыларды Қазақстан Республикасының флора және фауна өкілдерінің алуантүрлілігімен таныстыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу, студенттердің биология саласындағы білімдерін кеңейту.

Ұйымдастырушы: куратор-эдвайзер Қайрат Б.Қ.

 

Ары қарай оқу >>

Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді

03.11.2018

«Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді»- деп М.Әуезов атамыз айтқандай биофизика және биомедицина кафедрасының ББП 1803,1804 тобының студенттері М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Авторы - Ф. Буляков, аударған - Т. Әлімбекұлының “Отыз ұлың болғанша» атты мұңды комедия қойылымның куәсі болды.

Өнер көзі, тәрбие ошағы-театрға баруымыздың негізгі мақсаты: техникаға телмірген жастарымыздың бойына рухани байлықты азық етіп, сахнаның ауасын сағынтып, өнерге шөлдейтіндердің санын көбейту. “Отыз ұлың болғанша”қойылымы осы қоғам дертіне айналған жастар мәселесін қозғайтын жас ұрпаққа тәрбиелі тағылымы мол туынды болып табылады.

Р.S.Киелі өнердің ордасына бас сұққан жастарымыз мәдениетті де үйреніп, өмірді де көреді. Ақ пен қараның, арпалысып жатқан заманның ащы шындығын біліп, ара жігін ажырата алады. Керегін алады да, көңіл сүзгісінен саралап өткізіп, керексізін кері ысырады. Сол себепті жастардың театр қойылымдарына қызығушылығын арттыру біздің бірден-бір парызымыз.

 

Есенбекова А.Е.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы

27.10.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Көмек"Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен, М.Горкий атындағы Орталық саябақта қала көлеміндегі алғашқы қайырымдылық концерті өткізілді. Іс-шараның өткізілуіне биофизика және биомедицина кафедрасының ББП- мамандығының 1803 және 1804 тобының ерікті суденттері өз үлестерін қосуға ат салысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты: жиналған қаржыға Алматы қаласындағы "Нұр" балалар үйінің асханасы мен жылу жүйесіне жөндеу жүргізу болатын.

Ұйымдастырушылар: "Көмек"Қоғамдық Қорының еріктілері және куратор-эдвайзер:магистр, оқытушы Есенбекова А.Е.

 

Есенбекова А.Е.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

1 курс студенттерінің ЖОО-на бейімделуінің психологиялық аспектілері

25.10.2018

25 қазан 2018 ж. 14.00 сағ. биофизика және биомедицина кафедрасында «Президенттің Қазақстан халқына кезекті жолдауы» аясында кафедра деңгейінде «1-курс студенттерінің ЖОО бейімделунің психологиялық аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Тәрбиелік шара барысында 1 курс студенттеріне ЖОО-на кездесетін негізгі қиыншылықтары мен оларды шешуде кеңестер берілді және 1 курс студенттерінің ЖОО-на бейімделуі кезінде тап болатын мәселелері анықталды:

- пәндердің көпшілігі бойынша мектепте алған білім деңгейінің жеткіліксіз болуы;

- өз уақыты мен күш-жігерін ұтымды пайдала білмеу;

- жаңа ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеуге дайын еместігі;

- ата-ана, мұғалім тарабынан үйреншікті бақылау мен қамқорлығының жоқтығы;

- толық өз бетімен білім алуға дайын еместігі;

- ЖОО оқытушылары қоятын жоғары талаптарға дайын еместігі;

- кейбір студенттерде ерік-жігердің, еңбексүйгіштіктің болмауы, ең бастысы оқуға деген құштарлықтың болмауы.

Ұйымдастырушы: Биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы Қайрат Б.Қ.

Ары қарай оқу >>

Ботаникалық бақ аумағында жалпықалалық сенбілік өтті

20.10.2018

«Біз таза қаланы қолдаймыз!» акциясының аясында биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушылары мен студенттері 20 қазан 2018 ж. күні Ботаникалық бақта өткізілген жалпы қалалық сенбілікке қатысты.

© Қайрат Б.Қ.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

 

Ары қарай оқу >>

Қыз тəрбиесі - Ұлт тəрбиесі

14.10.2018

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология жəне биотехнология факультетінің биофизика жəне биомедицина кафедрасының 5В060700 Биология мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен "Қыз тəрбиесі - ұлт тəрбиесі" тақырыбында кураторлық ашық сабақ факультет деңгейінде өтті. Ашық сабақ барысында қыз тəрбиесі мен болашақ ана туралы көптеген мəліметтер айтылды. Жас ерекшеліктеріне байланысты "Жасқа сай физиологиялық ерекшеліктер" пəнінен өткен қыз бала ағзасында болатын өзгерістер жайында да баяндамалар болды.

Ұйымдастырушылар: куратор-эдвайзер б.ғ.к. Атанбаева Г.Қ., 2 курс магистранты Ғалымқызы Г.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ қалашығының аумағында күзгі тазарту жұмыстары өтті

13.10.2018

Жылдағы дәстүр бойынша биофизика және биомедицина кафедрасының ұжымы студенттермен бірге 2018 жылдың 13 қазанында сенбілікке шықты. Күздің жаймашуақ күнінде кафедра ұжымы мен студенттері ҚазҰУ қалашығы аумағында күзгі тазарту жұмыстарын жүргізді.

© Қайрат Б.Қ.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы 

Ары қарай оқу >>