Биофизика жəне биомедицинаның заманауи мəселелері

21.11.2018

Көрулер: 2462

 

əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология жəне биотехнология факультетінде 21.11.2018ж.  11.00 сағ. 214- аудиторияда "Рухани жаңғыру" аясында кафадра деңгейінде "Биофизика жəне биомедицинаның  заманауи мəселелері" жəне " Менің мақтанышым- Қазақстан" атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында Москвадан келген қонағымыз В.П. Зинченко биофизик мен биомедицинаның заманауи мəселелерін қозғай отырып, өз тəжірибелерімен бөлісті. Кафедра студенттері мен профессорлары сұрақ қою арқылы тақырыпты талқылап, білкмдерін жетілдіре түсті. Əрі қарай " Менің мақтанышым - Қазақстан" атты тақырыпта факультетіміздің 2 курс студенттері үш тілде қонағымыз В.П. Зинченкоға құрмет ретінде өз өнерлерін көрсетті.

Ұйымдастырушылар: Биофизика жəне биомедицина кафедрасының "Хронобиология жəне хрономедицина" орталығы жəне оқытушылары: Тулеуханов С.Т., Абылайханова Н.Т., Атанбаева Г.К.,  Тусумбекова Г.А., Швецова Е.В., Абдрасулова Ж.Т., Ыдырыс Ə., Есенбекова А.Е.