Жаңалықтар

«5В060700 Биология» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО студенттері арасында өткізілетін Республикалық пәндік олимпиада

19.01.2019

«5В060700 Биология» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО студенттері арасында өткізілетін Республикалық пәндік олимпиада

27-28 наурыз 2019 ж.

Құрметті студентер!

 

Сіздерді 2019 жылғы 27-28 наурыз күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде өтетін «5В060700-Биология» және «5В070100-Биотехнология» мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО студенттері арасындағы Республикалық олимпиада жұмысына қатысуға шақырамыз.

Мекенжайымыз: 050038, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71.

Олимпиада жұмысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізіледі.

 

Қайрат Б.Қ.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

www.kaznu.kz  

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым

17.12.2018

2018 ж. 17 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің №7 студенттер үйінде «Рухани жаңғыру» жобасының аясында «Тәуелсіздікқасиет тұнған ұлы ұғым» атты әдеби-сазды кеш өтті. Жатақханада 2 курс студенттерінің қатысуымен өткізілген бұл кештің ауқымы кішігірім болса да, тәуелсіздіктің маңыздылығы мен қадірін түсінетін жастар үшін пайдалы болды. Мерекелік іс-шара барысында студенттер еліміздің тәуелсіздігін жырлаған қазақ ақындарының шығармаларынан үзінді оқып кештің шырайын келтірді. 

 

Ұйымдастырушы: куратор-эдвайзер Қайрат Б.Қ. 

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

"Ар – намысым, қасіретім, мақтанышым – ЖЕЛТОҚСАН"

14.12.2018

Биология және биотехнология факультетінде «Рухани жаңғыру» аясында факультет деңгейінде «Ар – намысым, қасіретім, мақтанышым – ЖЕЛТОҚСАН» атты тәрбиелік іс-шара өтті. Кеш қонағы желтоқсан оқиғасына қатысушы, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті м.а. Ноянов Едил Ноянович.

Іс шара мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын студентерге жете ұғындыру.

Ұйымдастырушылар: куратор-эдвайзер Есенбекова А.Е., б.ғ.к., аға оқытушы Кулбаева М.С.

 

Есенбекова А.Е.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

«Таза сессия» акциясы өтті

11.12.2018

2018 жылдың 11 желтоқсанында «Жемқорлықсыз университет» жобасы аясында 2018-2019 оқу жылының қысқы емтихан сессиясын студенттердің таза өз білімдерімен тапсыруы үшін және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биофизика және биомедицина кафедрасында «Таза сессия» акциясы өткізілді. 

«Таза сессия» акциясы сессия уақытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес студенттердің азаматтық позициясын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қоғам арасында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлеу болып табылады.

 

© Қайрат Б.Қ.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

Ары қарай оқу >>

Ұлы даланың жеті қыры: Қазақстанның тарихи мұраларына жаңа көзқарас

10.12.2018

2018 жылдың 10 желтоқсанында сағ. 11:00-де «Рухани жаңғыру» жобасының аясында биофизика және биомедицина кафедрасының ұжымы мен студенттері Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың “Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын үлкен қызығушылықпен талқылады.

 

Ұйымдастырушылар: куратор-эдвайзерлер Қайрат Б.Қ., Есенбекова А.Е. және “Биофизика және биомедицина проблемалары” студенттер үйірмесі

 

Ары қарай оқу >>

Бала организмі және стресс

07.12.2018

Биофизика және биомедицина кафедрасында «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында “Бала организмі және стресс” тақырыбында өткізілетін семинар өтті.

Семинар барысында студенттерге бала организміне және психикасына стресстің әсері, стресстік жағдайларда адаптивтік өзгерістердің қалыптасуы мен эмоционалды күйді өзіндік реттеудің түрлі әдістері жайлы мағлұмат берілді.

 

Ұйымдастырушылар: куратор-эдвайзер Қайрат Б.Қ. және “Биофизика және биомедицина проблемалары” студенттер үйірмесі

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі

06.12.2018

2018 жылдың 6 желтоқсанында сағ. 13:00-де биофизика және биомедицина кафедрасында «Салауатты өмір салты» жобасының аясында “Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі” тақырыбында өткізілетін дискуссиялық алаңның жұмысы өтті.

Мақсаты: өз денсаулығына күтіммен қарауға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дұрыс тамақтану әдебі мен тамақтану режимін әдетке айналдыру.

Дұрыс тамақтану салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі саналады, оның негізгі ережелері баланың сәбилік кезеңінде қаланып, өмір бойы сақталады. Өкінішке орай, қазіргі таңда елімізде артық салмағы бар және семіздіктен зардап шегуші адамдардың саны артуда. Бұл проблеманың қазіргі таңда жастарда да белең алуына байланысты өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

 

Ұйымдастырушылар: куратор-эдвайзер Қайрат Б.Қ. және “Биофизика және биомедицина проблемалары” студенттер үйірмесі

 

Ары қарай оқу >>

"Біз ЖИТС-ке қарсымыз"

05.12.2018

Дүниежүзілік ЖИТСпен (СПИД) күресу күніне арналған іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, биология және биотехнология факультеті, биофизика және биомедицина кафедрасында ұйымдастырылды. ЖИТС орталығының маманы студенттерге ЖИТС және одан қорғану жолдары туралы көптеген ақпараттар берді. Шара барысында студенттер білімдерін одан әрі толықтыра түсті.

Қожахметова А.Н.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

Ары қарай оқу >>

Ел тірегі – Елбасы

30.11.2018

30 қараша 2018 ж. биофизика және биомедицина кафедрасында «Рухани жаңғыру» жобасының аясында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай «5В011300-Биология» мамандығының 2 курс студенттерінің қатысуымен «Ел тірегі – Елбасы» атты мерекелік кеш өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеудің жалпы мемлекеттік мәні бар. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қоғамымызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, қоғамның ХХІ ғасырда тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ауқымды тарихи рөлін бұдан әрі нығайту болып табылады.

 

Ұйымдастырушы: куратор-эдвайзер Қайрат Б.Қ.

Ары қарай оқу >>

Мен жастарға сенемін!

30.11.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық форумы өтті. Осы форумға ББ1811-12К топтарының студенттері де қатысты. Ілесбекова Маржанай сертификат иеленді. Студенттер жастарды қолдап жүрген университет ректорына алғыстарын айтты.

Қожахметова А.Н.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>