Корей ұлттық тағамдары

18.03.2022

Көрулер: 998

«Корейтану апталығының» төртінші күні ұлттық тағамдарға арналды! Алматы қаласындағы Корея Республикасының Білім беру орталығының қолдауымен өтіп жатқан бұл шарада арнайы шақыртумен келген Ким Енг Ми ханым, біздің студенттерге корей ұлттық тағамдарының жасалу әдіс-тәсілдерін үйретті. Корей ұлттық тағамдарының дәмін тек арнайы асханалардан ғана татып көрген корейтанушы студенттер осы жолы «Кимбап» пен «Токбоккиді» өздері жасады. Әрине бұл тағамдарға қосылатын ингредионттер біздің ұлттық тағамдарға мүлде ұқсамайды. Дегенмен бұл тағамдар арқылы екі елдің мәденеиетін салыстыруға зор мүмкіндік берді. Қазақ халқының ұлттық мейрамы Наурыз қарсаңында кафедрамызға келіп, студенттерімізге корей және қазақ халықтарының мәдениеті мен дәстүрінің ұқсастығы мен ортақ тұстарын айтып өткен, сондай-ақ студенттерге баға жетпес тәжірибе сыйлаған Ким Енг Ми ханымға ерекше алғысымызды айтамыз. Бұл шарада кафедра мұғалімдері мен студенттері де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, өздерінің ұйымшылдығын көрсете білді.