Мэлардален университетінде, Швеция, Вестерос қ., академиялық ұтқырлық бағдарламасы

10.10.2020

Көрулер: 1903

Құрметті АЖ мен АҚЖ мамандығының 1-ші курс магистранттары. Сізді, Мэлардален университетінде, Швеция, Вестерос қ., академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін магистранттар ішінде іріктеу басталғандығы туралы хабарлаймыз. Мамандықтың атауы "Бағдарамалық инженерия" (Software Engineering). Көктемгі семестрді онлайн режимінде сәтті аяқтағаннан кейін, сіз оқуды 2021 жылдың күзгі семестрінде жалғастыра аласыз. Швецияда оқудың жалпы ұзақтығы - 1 жыл. Оқу бітіргеннен кейін сізге магистр деңгейі беріледі және сіз екі диплом ала аласыз. Талаптар: ағылшын тілінің деңгейі B2-ден төмен емес (IELTS 6-дан), жоғары GPA және мотивация.