Клубтың бірінші кездесуі 2018 жылдың 24-ақпанында (сенбі) сағат 14.00-де, Медицина факультетінің 1 қабатында, 5-ші аудиторияда өтеді. Кездесудің ұзақтығы - 1-1,5 сағат.

22.02.2018

Көрулер: 3812

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Медицина факультетінің биомедстатистика және дәлелді медицина кафедрасында Медицина және денсаулық сақтау саласындағы алдыңғы қатарлы бағыттарды талқылауға «ЖУРНАЛ КЛУБЫ» өз жұмысын бастайды. Талқылаулар «Journal club» форматында өтеді, яғни, басты бағыт мақалаларға эксперименттік талқылау және / немесе ғылыми шолу (жүйелі шолу). Журнал клубы бейресми атмосфераны, ашық әңгімелесуді қолдайды. Журнал клубына заманауи ғылымға қызығатын және болашақта оны жалғастыруды жоспарлайтын кез-келген адам қатыса алады.

Жалғыз шарт - үйренуге деген ұмтылыс, денсаулық сақтауда жаңа нәрселерді үйренуге, ескі медицинаны түсінуге деген ұмтылыс. Журнал клубының қатысушылары ештеңе үйретуге мәжбүр болмайды, оларға өз білімін кеңейтуге жағдай жасалады және проблемалық және түсініксіз сұрақтарды талқылауға мүмкіндік береді.

Журнал клубының мақсаты - ғылыми мақалаларды оқу және түсіну, эксперименталды дизайннің күшті және әлсіз тұстарын сыни түрде бағалау.

Біз теорияны ғана талдамай, қазіргі заманғы зерттеу құрылымын талқылаймыз. Біз әр зерттеуді сыни бағалаймыз және өз зерттеулерімізді жоспарлаймыз.

Жетекші шетел журналдарындағы мақалалар бойынша кездесулер оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі деканның орынбасары Ошибаева Айнаш Есімбекқызының басшылығымен айына екі рет өткізіледі.

 Семинар форматы: Спикер репродукциялы, дәл және түсінікті түрде зерттеудің мақсаттарын, әдістерін, нәтижелерін және ғылыми негізделген тұжырымдарын сипаттайтын «structured abstracts» құрылымдық реферат түрінде қызықты ғылыми мақаланы ұсынады. Ұсынылған мақалада мәселені енгізу туралы қысқаша баяндалады, гипотезаны қалыптастырады, жұмыстың эксперименттік дизайнын ақтайды және зерттеудің логикасын көрсетеді. Осыдан кейін әдістемелік бөлікке шолу жасалады. Презентацияның негізгі бөлігінде - мақалада көрсетілген иллюстрацияларда алынған эксперименттік деректерді егжей-тегжейлі талдау жасалады. Мақсатты шешуде қолданылатын әдістердің, мақала авторларының қорытындыларының дұрыстығының және баламалы түсіндірудің мүмкіншіліктерінің барлығына баса назар аударылады. Презинтация барысында қатысушылар мақалада алынған нәтижелер туралы деректер мен түсініктемелер туралы сұрақтар қойып, өз пікірін білдіреді.

Мақала таңдау спикердің қалауы бойынша, дегенмен, мақала тек тар профиль мамандарына ғана емес, кең аудиторияға да қызықты болуы керек. Журнал клубының мәжілісінде талқыланған мақаланың мәтіні факультет сайтында қол жетімді болады. Мақала алдын-ала семинардың барлық қатысушылары тарапынан оқылуы тиіс.

         Клубтың бірінші кездесуі 2018 жылдың 24-ақпанында (сенбі) сағат 14.00-де, Медицина факультетінің 1 қабатында, 5-ші аудиторияда өтеді. Кездесудің ұзақтығы - 1-1,5 сағат.

Доктарант Тілеков Жангір Даирұлының баяндамасы ұсынылады. Баяндаманың мəтінімен https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC4877956/ сайтынан немесе  Медициналық факультет веб-сайтында Жас ғалымдар кеңесі қойындысында танысуға болады.

Журнал клубы магистранттарға, докторанттарға және барлық кафедралардың оқытушыларына, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлеріне ашық.

Барлығын қатысуға шақырамыз! Сіздерді көруге әрдайым қуаныштымыз.

Модератор: Биомедстатистика және дәлелді медицина кафедрасының оқытушысы  Кузиева Гульмира, e-mail: gulmira.kuziyeva@kaznu.kz, 8 (705) 4446444, 8 (727) 2211623 және қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық бағытта магистрлар.

 

Ашық карьерде істейтін бұрғылаушылар мен алтын - өңдеуші фабрика  операторларының өкпе фунциясына қаупі жоғары.