Прошли открытые лекции визитинг - профессора кафедры политики и организации здравоохранения Гржибовского А.М.

14.04.2023

Көрулер: 722

А.М. Гржибовский 2019 жылдан бастап кафедрада шақыртылған профессор ретінде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігі СМУ Федералды мемлекеттік бюджеттік жоғарғы оқу орнының ғылыми-инновациялық жұмыс бөлімінің бастығы, Сеченов университетінің профессоры (Мәскеу), Арктикалық мониторинг зертханасында бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. 2001-2017жж. Норвегияның бас эпидемиологының аға кеңесшісі, Осло университетінің биостатистика бойынша аға кеңесшісі және Норвегияның Арктикалық университетінде қоғамдық денсаулық сақтау профессоры болып жұмыс істеді, денсаулық сақтау саласындағы Норвегия гранттары мен Еуропалық экономикалық аймақ гранттарын үйлестіруді жүзеге асырып отырған. 2022 жылдан бастап Ресей ғылым қорының сарапшысы болып табылады.

600-ден астам ғылыми жарияламалардың, оның ішінде Web of Science/Scopus журналдарындағы 200-ден астам толық мәтінді мақалалардың авторы. H-индексі – 23. «Адам экологиясы» журналының бас редакторы (Scopus Q3), Ресей Федерациясынан «International Journal of Circumpolar Health» журналының (WoS, Scopus Q2) қосалқы редакторы, «Вакциналар» (Scopus Q2) бағанының редакторы. Қазақстан халқының климаттың өзгеруіне денсаулық осалдығын бағалау бойынша ДДҰ сарапшысы (2011-2012).

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен ынтымақтастық кезінде Scopus және Web of Science мәліметтер базасында индекстелген журналдарда ҚазҰУ-ға қатысты 40-тан астам мақала жариялады, 8 докторанттың ғылыми кеңесшісі болып табылады. Кафедра оқытушыларының қатысуымен 3 ғылыми жобаның алғышартты маманы болып, «Биостатистика», «Жетілдірілген эпидемиология» пәндері бойынша магистранттар мен докторанттарға үнемі дәріс оқып, семинарлар жүргізуде.

Саясат және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының профессоры Гржибовский А.М. ашық дәрістерінде ғылыми жобаларды идеядан бастап нәтижеге жетуді және оларды жариялауға, биостатистика мәселелерін ілгерілетуге арналған (Биомедициналық деректерді талдаудың көп нұсқалы әдістері, зерттеу мақсатына байланысты деректерді талдаудың статистикалық критерийін таңдау: шолу, стратегия, нюанстар және т.б.) тақырыптарды талқылады. Дәрістерге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «ҚДСЖМ» ҚМУ, ҚРМУ магистранттары мен докторанттары қатысты.

Профессор Гржибовский А.М. 2011 жылдан бастап қазақстандық жоғары оқу орындарымен жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында ол 47 PhD докторларын дайындады.

Медицина және денсаулық сақтау факультетінің дамуына қосқан орасан үлесі,нәтижелі еңбегі үшін ҚазҰУнің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қ. Түймебаевтың бұйрығымен профессор Андрей Мечиславович Гржибовскийге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Құрметті профессор» атағы берілді.

2023 жылдың 13 сәуірінде оқу ісі жөніндегі проректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркімбаева Ләззат Қалымбекқызы профессор А.М. Гржибовскийге сертификат пен мантия табыстады