Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп жұмыс істеу – білікті кадрларды даярлаудың кепілі

30.05.2022

Көрулер: 1167

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен серіктестік ортану – білікті маман дайындаудың кепілі

      Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау жүйесін дамытуды негізгі бағыт ретінде атап өтті. Пандемия кезінде «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы ерекше өзектілікке ие болды.

       2022 жылдың 30 мамырында «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» мен «Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты – өзара тығыз қарым-қатынасқа қол жеткізу, білім беру, ғылым саласындағы серіктестікті дамыту және болашақ мамандарды бірлесіп даярлау, оқу-өндірістік және диплом алды практиканы өткізу.

    Мамандар Қазақстан Республикасында, жаһандық деңгейде денсаулық сақтау жүйесі алдында тұрған сын-қатерлер жағдайында білім, ғылым және тәжірибенің үш тұғырлылығы қағидатын қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласының мамандарын сапалы даярлау үшін осы құжатқа қол қоюдың маңыздылығын атап өтті. Өйткені, бұл халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ететін мамандар, саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды өткізу, ұйымдастыру және үйлестіру, жұқпалы аурулар ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жоспарлау және іске асыру, халықтың денсаулығын сақтау саласында басқару шешімдерін әзірлеу болып табылады