Қар волейболы

23.12.2018

Көрулер: 2420

Қар волейболы

20-22 желтоқсан аралығында Мәскеудегі Су стадионында қар волейболы бойынша Еуропа чемпионаты өтті.

30-дан астам команда бірінші рет қар волейболын жаңа ережелер бойынша ойнады: әр командада екі емес, үш адамнан болды. Қатысушылар арасында Еуропа елдерінің танымал спортшылары, сондай-ақ АҚШ пен Бразилиядан келген командалар бар. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әйелдер жағажай құрама командасы, алғаш рет қар волейболына қатысып 5-ші орынды иеленді, команда құрамы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс магистранты Отеулина Мадина және 4 курс студенті Смағұл Айғаным. Құттықтаймыз!

Қар волейболы - бұл жас спорт түрінің дисциплинасы, оның танымалдығы артып, болашақта қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына еңгізілуде. 2022 жылы қысқы Олимпиада ойындарына көрнекті дисциплина ретінде, ал 2026 жылы – жарыс бағдарламасы аясында қатысады.