Курс повышения квалификации «Актуальные вопросы иммунопрофилактики»

10.11.2018

Көрулер: 2070

«Иммунопрофилактиканың өзекті мәселелері» біліктілікті жоғарылату курсы 

    Еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік медициналық ұйымдар қызметкерлерінің білімдерін үздіксіз жетілдіруді, жинақтау және ие болған дағдыларды өңдеуді талап етеді. Медициналық ұйымның ұйымдық құрылымының сапасы мен тиімділігі мамандардың сауаттылығына және кәсіпқойлығына тікелей байланысты. Қазіргі заманғы әлемді жұқпалы ауруларды төмендету мен жоюдағы негізгі іс-шара болып табылатын иммунопрофилактикасыз елестету мүмкін емес. Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультетінің эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасында өткізілген апталық «Иммунопрофилактиканың өзекті мәселелері» атты мейірбикелердің біліктілігін жоғарылату курсы аяқталды. Курстың барлық студенттері оқуды сәтті аяқтады және ресми түрде студенттерге факультет деканы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Калматаева Ж.А. сертификаттарын табыстады.