2018 СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ФУТЗАЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

27.07.2018

Көрулер: 3053

Осы жылы тамыз айының 19 мен 26 аралығында алғаш рет Алматыда және де жалпы ТМД елдерінің тарихында Almaty Arena мен Halyk Arenaда өтетін футзалдан студенттер арасында Әлем Чемпионаты болады. Бразилия, Аргентина, Португалия, Испания, Италия, Польша, Таиланд, Иран, Ресей, Украина командалары сияқты футзалдан ең мықты командалары қатысуы жоспарланған. Қазақстан әйелдер және ерлер есебінде қатысуға өтініш берді. Чемпионатқа бүкіл құрлықтың 16 ерлер және 12 әйелдер командасы қатысады, бұл 500-ден астам қатысушылар және бұл турнирдің рекордтық көрсеткіші. Қазақстан Республикасының студенттік спорт Федерациясы және Ұлттық студенттік лигасы 2018 Әлем чемпионатының ұйымдастырушылары болып табылады. Атап өтетін бір жайт, 2014 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің бастамасымен құрылған Ұлттық студенттік лигасының негізгі мақсаты ол жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Құрылған сәттен бастап, Ұлттық студенттік лигасы жоспарлы түрде географиясын кеңейтуде және жыл сайын қатысушылардың саны мен мүдделі тұлғалардың саның арттыруда. Қазіргі уақытта Ұлттық студенттер лигасы Қазақстанның барлық жоғары оқу орындар мен колледждері біріктіре отырып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенттері Умешов Ринат, Сарбасов Алмат (ерлер командасы) және Бекпенбет Тогжан (әйелдер командасы) ҰСЛ құрама командасында футзалдан Әлем Чемпионатына қатысады. Жаттықтырушылары «Салауатты өмір салты» орталығының оқытушысы Байсариев Жақсылық Болатұлы. Ойында сәттілік тілейміз! Барлықтарыңызды жанкүйер болуға шақырамыз!