ЕҢ САПАЛЫ БІЛІМ ТЕК ҚАЗҰУ-да!!! МЕКТЕП, КОЛЛЕДЖ, ЖОО ТҮЛЕКТЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!!!
Көрулер: 4105
ЕҢ САПАЛЫ БІЛІМ ТЕК ҚАЗҰУ-да!!!
МЕКТЕП, КОЛЛЕДЖ, ЖОО ТҮЛЕКТЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!!!
Егер сіз сапалы білім алуға ұмтылсаңыз, оқу мен спорттық жаттығуларыңызды біріктіріп, қатар алып жүргіңіз келсе, біз сізді күтеміз.
Сіздер үшін біздің университет
спорттық дағдыларды жетілдіру және жоғары сапалы білім алу үшін тамаша жағдайлар жасады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина факультетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасы
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша 2018-19 оқу жылына оқуға қабылдауға жариялайды.
Кафедраның негізгі мақсаты: білімі негізгі пәндермен толыққанды интеграцияланған дене шынықтыру және спорт саласындағы
заманауи талаптарға сай жоғары
білікті мамандарды дайындау, дене шынықтыру және спорт саласында дағдылары мен кәсіби біліктілігін қалыптастыру,
спорт түрлері бойынша оқыту әдістемесі,
оқытушы-жаттықтырушыға қажетті оқушылар мен спортшылардың дайындығын бақылау мен түзету.
Көпдеңгейлі жүйе бойынша кафедрада мамандарды дайындау кредиттік технология аясында жүргізіледі:
Бакалавриат 5В010800 - Дене шынықтыру және спорт (4; 3; 2 жыл)
Магистратура 6M010800 - Дене шынықтыру және спорт (2; 1 жыл)
Докторантура 6D010800 - Дене шынықтыру және спорт (3 жыл)
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы халықаралық аккредитациясын барлық дайындық деңгейін өтіп, ACQUIN
сертификатын алды.
Ағымдағы санитарлық-техникалық стандарттарға сәйкес және оқу жоспарында көзделген теориялық және практикалық
сабақтардың барлық түрлерін жүргізуді
қамтамасыз ететін
сонымен қатар магистранттардың және докторанттардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-зерттеу жұмыстарының
тиімді орындалуына кафедраның
материалдық-техникалық база бар (аудиториялық фонд, компьютер класстары, медициналық-биологиялық пәндер
бойынша зертханалық жұмыстарға арналған
заманауи жабдықтар, фондтық материалдар, 6 спорт түрлері бойынша спорттық залдар, 3 жаттықтыру залы, 2 ЕДШ залы,
медицина кабинеті, алаң, 2 ашық спорттық алаң,
теннис корты, жүзу бассейні).
Кафедра келесі халықаралық университеттермен ынтымақтастық жасайды: М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, П.Ф.Лесгафттың ұлттық мемлекеттік дене тәрбиесі, спорт және денсаулық университеті, Ресей Федерациясының Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы, Орал федералды университеті, Новосібір мемлекеттік техникалық университеті, Ф.М.Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университеті
Дүниежүзі чемпионы атағын алған университеттің студенттері: Айдос Сейпілұлы (қазақша күрес), Елдос Сметов (дзюдо), Гумар Киргизбаев (қазақша күрес),
Гусман Киргизбаев (қазақша күрес), Динара Жумабаева (самбо).
Олимпиада Ойындарында мемлекетіміздің атын қорғаған спортшы-студенттер: Ермахан Ибраимов (бокс, қола алқа,1996 ж., алтын 2000ж.), Асхат Житкеев
(дзюдо, 2008, күміс алқа). Лонданда өткен ХХХ Олимпияда Ойындарына университетіміздің 12 студенті және түлектері қатысқан, Светлана Подобедова ауыр атлетикадан
алтын алқа иегері атанған. 2016 жылғы Рио-де-Жанейро біздің 17 студентіміз қатысты. Дмитрий Баландин жүзуден олимпиада чемпионы атанды,
Елдос Сметов (дзюдо, күміс жүлдегері), Эльмира Сыздыкова (еркін күрес, қола алқасы).
университетіміздің атағын келесі спорт түрлері бойынша қорғаймыз: армрестлинг, баскетбол (ер., әйел.), бадминтон, бильярд, бокс, волейбол (ер., әйел.), еркін күрес (ер., әйел.),
дартс, дзюдо (ер., әйел.), садақпен ату, қазақша күрес (ер., әйел.), жеңілатлетика, үстел теннисі (ер., әйел.), жүзу, самбо (ер., әйел.), тоғыз-құмалақ, спорттық бағдарлау, футбол,
футзал, жағажай волейбол (ер., әйел.), жағажай футбол, шахмат.
2001 жылдан бері біздің университет Қазақстан Республикасының ЖОО арасындағы Жазғы Унивесрсиадаларының жалпы командалық есепте бірнеше рет жеңімпаз атанып келеді.
Оқуға түсу жайлы басқа нақты ақппаратты сіздер университтетің қабылдау комиссиясынан немесе 8(727) 221 1370, іш.1370 телефоны арқылы ала аласыздар.
![]() | ![]() | |
![]() | ![]() | ![]() |











