«Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» тақырыбында біліктілікті арттыру циклы

02.05.2018

Көрулер: 2638

Биомедициналық статистика және дәлелді медицина кафедрасы «Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» тақырыбында біліктілікті арттыру циклін өткізді. Циклге Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқарма комитетінің мамандары қатысты. Цикл барысында қоғамдық денсаулық сақтауды реформалау, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтауды, қоғамдық денсаулық сақтау саясатын қалыптастыру негіздері, алдын алудың негізгі мәселелері, қоршаған ортаның жағдайына, өнеркәсіптік, тұрмыстық және әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты халық денсаулығын зерттеу әдістеріне байланысты мәселелерді шешу сұрақтары талқыланды. Курс барысында тыңдаушылар денсаулық сақтаудағы медициналық-демографиялық көрсеткіштерді талдауда, халықтың патологиялық жағдайлары мен ауруларының себептерін анықтап, денсаулыққа қауіпті факторлардың негізгі белгілерін анықтау дағдыларын алды.

Курс соңында тыңдаушылар тарапынан жақсы пікірлер қалдырылды.