6-наурыз – Дүние жүзілік суқараңғы (глаукома) ауруының алдын алу күні.
Көрулер: 3099
![]() |
6-наурыз – Дүние жүзілік суқараңғы (глаукома) ауруының алдын алу күні.
Су қараңғы (глаукома) – көз ішілік қысымның көтерілуінен болатын ауру. Осыдан көздің көруі нашарлап, көру аумағы тарылады және көру нервінің атрофиясы дамиды.
Су қараңғы ауруы атадан балаға беріліп, тұқым қуалауы мүмкін. Сонымен қатар, кейбір аурулар: гипертониялық аурулар, қант диабеті, қабынулар, жақыннан көргіштік немесе туа біткен алыстан көргіштік те осы аурудың дамуына алып келуі мүмкін.
Жүйелі түрде алдын-ала қаралып тұрудың маңызы жоғары, ал 40-тан асқан адамдар көз дәрігеріне су қараңғының алғашқы белгілерін анықтау мақсатында қаралып, тексерілгені дұрыс.
Суқараңғының алдын алуда спирттік ішімдіктерді ішпеудің маңызы жоғары. Жаздың ыстық күндерінде, әсіресе тал түсте күннің астында ұзақ жүрмеген дұрыс. Бас киім киіп, көзге көзілдірік кию қажет.
Суқараңғының алдын алу мақсатында: стрестік жағдайды, қатты ашулануды, қатты шаршауды болдырмаған дұрыс. Бұндай жағдай көздің қарашығын ұлғайтып, көз ішілік сұйықтықтың бөлінуін азайтады.
Су қараңғы негізінен ешқандай белгісіз, ауру сезімінсіз басталып дамиды, оның дамуын тек дәрігер ғана анықтайды. Бұл ауруды уақытында емдемеудің нәтижесі көз нервінің атрофиясына және соқырлыққа алып келеді.
Көз дәрігеріне үнемі қаралып тұру және әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау нәтижесі суқараңғы ауруын алдын алуға және дамуын тежеуге септігін тигізеді.
Көз жанарыңызды сақтаңыздар, көз дәрігеріне жүйелі түрде қаралып тұрыңыздар. Суқараңғы ауруын алдын алуда алғашқы белгілерін неғұрлым ерте анықтаудың маңызды фактор екендігін естен шығармаңыздар.







