«ЖАСЫЛ КӨПІР ҰРПАҚТАН-ҰРПАҚҚА» IX халықаралық студенттер форумы аясында «ҚАЗІРГІ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРІСІ: КӨРІНІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САЛДАРЫ» тақырыбында секциялық отырыс

21.04.2022

Көрулер: 1013

2022 жылдың 21 сәуірінде «ЖАСЫЛ КӨПІР ҰРПАҚТАН-ҰРПАҚҚА» IX халықаралық студенттер форумы аясында «ҚАЗІРГІ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРІСІ: КӨРІНІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САЛДАРЫ» тақырыбында секциялық отырыс өтті. «Қазіргі заманғы климаттың өзгеруі: көрінісі мен салдары» секциясында жұмыс істеген жастар форумының қатысушылары «Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты дамудың 17 мақсатын» жүзеге асыру контекстіндегі климаттың өзгеруіне тоқталып, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың Қазақстан Республикасының экологиялық міндеттерін шешу туралы мәселелерді қарастырды.

          Секция отырысында гидрология, экология, төтенше жағдайлар және климаттың өзгеруі сынды түрлі тақырыптарда 6 баяндама тыңдалып, талқыланды. Үздік баяндамашылар 1-3 дәрежелі дипломдармен, қалған қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

          Іс-шараның қорытындысы бойынша секцияға қатысушылар климаттың өзгеруі және оны зерттеу планетаның табиғи заңдылықтары мен болашағын түсінуде маңызды рөл атқаратынын, жалпы қоғамның тұрақты дамуының мазмұнды және концептуалды өзегі болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ секцияға қатысушылар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстандағы климаттық білім беру жүйесіндегі жетекші рөлін және климаттық, метеорологиялық ерекшеліктерді есепке алудың маңыздылығын, дәлелді зерттеулер негізінде және қазіргі кездегі жаһандық, аймақтық үрдістер, климаттың өзгеруін одан әрі зерттеудің өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар, секцияға қатысушылар «БҰҰ Тұрақты дамудың 17 мақсатын» жүзеге асыру бойынша нақты қадамдарды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев Қазақстан Республикасының экологиялық міндеттерін шешу туралы шешімін қолдайды.