Жаңалықтар

"Қазақстандағы қалдықтар мен қауіпті химиялық заттарды басқару: жаңа талаптар, шектеулер мен сын-тегеуріндер" Семинарына қатысу.

22.11.2021

   2021 ж. 22 қарашасында метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары мен студенттері Қазақстан Республикасының Тұрақты даму орталығы ұйымдастырған "Қазақстандағы қалдықтар мен қауіпті химиялық заттарды басқару: жаңа талаптар, шектеулер мен сын-қатерлер" атты семинарға қатысты. 

Ары қарай оқу >>

Жамбыл облысы мектептерінің түлектері ҚазҰУ-нде

13.11.2021

   Кәсіптік бағдар беру жұмысы оқушылар үшін маңызды орын алады. Негізгі мақсат оқушылардың өзін-өзі тану шекарасын кеңейту және мамандықтар әлемі мен олардың ерекшеліктері туралы ақпарат алу, сонымен қатар университет туралы білу арқылы мамандық таңдауға деген көзқарасты қалыптастыру. Осы мақсатта Жамбыл облысы мектептерінің түлектері үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кампус бойынша шолу экскурсиясы ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушыларға ректорат ғимараты, Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, спорт кешені, кітапхана, студенттерге арналған барлық білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, сауда-ойын-сауық қызметтері қарастырылған «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы көрсетілді. Экскурсия барысында оқушыларға университеттің жетістіктері мен оқу үдерісі туралы айтылды. Студенттердің университетке деген ерекше қызығушылығы экскурсияны өткізу кезінде байқалды. Жалпы, кәсіптік бағдарлау сәтті өтті және оң нәтижелер берді, оқушыларға өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап табуға, университет туралы жаңа ақпараттар білуге көмектесті.

Ары қарай оқу >>

Кубок ГК 2021

09.11.2021

   09.11.2021 ж күні "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына" орай Картография және Геоинформатика кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында мини-футболдан турнир болып өтті.  Кафедрамыздың  2, 3, 4 курс  студенттерінен құралған 8 команда қатысып, өз бақтарын сынады.  

Ары қарай оқу >>

Профессор Даниэль Д. Сноумен кездесу

09.11.2021

   2021 ж. 9 қарашада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінде суды зерттеу зертханасының профессоры, Небраска университетінің (Линкольн) "Water for Food" орталығының жетекшісі (АҚШ), PhD Даниэль Д. Сноумен кездесу өтті. Профессор Небраска университеті туралы, оның қызметі және университеттің ғылыми орталықтарындағы зерттеулер туралы ақапарттармен бөлісті. Оның жұмысының едәуір бөлігі Небраска штатындағы, АҚШ-тағы, сондай-ақ Орталық Азиядағы судың сапасын зерттеуді қамтиды. Сноу, сонымен қатар табиғи сулардағы токсиканттарды анықтау әдістерін жасауға, тұрақты изотоптарды экологиялық проблемалар мен процестерді және т.б. зерттеу үшін индикатор ретінде пайдалануға қатысады.

Ары қарай оқу >>

Онлайн лекция PhD, профессора университета Эскишехир Османгази (Турция) Ейюп Артвынлы на тему: «Projected Based Education in Geography»

02.11.2021

04.10.2021 г., в 17.00 ч. состоится онлайн лекция PhD, профессора университета Эскишехир Османгази (Турция) Ейюп Артвынлы на тему: «Projected Based Education in Geography».


Ары қарай оқу >>

ҚР Қарулы Күштері мамандарының біліктілігін арттыру курстары

01.11.2021

   ҚР Әуе қорғанысы күштерін метеорологиялық қамтамасыз ету ұшу қауіпсіздігін, тұрақтылығын және тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Метеорологиялық қатынаста ұшу қауіпсіздігіне ұшудың метеорологиялық жағдайларын дұрыс бағалаумен, тұтынушыларға қажетті метеорологиялық ақпаратты уақтылы жеткізумен сипатталады. Осы мақсатқа жету үшін метеорологиялық қызмет мамандары жақсы дайындалған болуы керек. Бұл ретте оларға біліктілікті арттыру курстары көмектеседі. Бұл курстар метеорологқа әрдайым өзгерістер туралы хабардар болуға, ұмытылған білімді жаңартуға және жаңаларын алуға мүмкіндік береді.

Ары қарай оқу >>