Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

17.11.2021

Көрулер: 1484

   2021 жылдың 17 қарашасында 3 курс 1-2 топ «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығында оқитын студенттерге ашық тәрбие сағаты жүргізілді. Тәрбие сағаты Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында өтті. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні  тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына егеменді ел болған күні. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты  Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру. Ашық сабақ барысында студенттерге еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беріп, өткен тарихымызға шолу жүргізіліп, Отанымыз – Қазақстанды өркендетуге білімді жастар керек екені түсіндірілді. Тәуелсіз Қазақстанның таңы жарық, егемен еліміз жастарының еңсесі заңғар болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін деген ниетте тәрбие сағаты аяқталды.