"Қазақстандағы қалдықтар мен қауіпті химиялық заттарды басқару: жаңа талаптар, шектеулер мен сын-тегеуріндер" Семинарына қатысу.

22.11.2021

Көрулер: 1486

   2021 ж. 22 қарашасында метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары мен студенттері Қазақстан Республикасының Тұрақты даму орталығы ұйымдастырған "Қазақстандағы қалдықтар мен қауіпті химиялық заттарды басқару: жаңа талаптар, шектеулер мен сын-қатерлер" атты семинарға қатысты. Семинарда Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық кодексінің мәселелері мен жекелеген талаптары, әлемдік бастамалар мен талаптарын орындау шеңберінде міндеттемелерді орындау бойынша қызметтері талқыланды. Семинарда Алматы қаласы экология департаментінің, Қазақстан Республикасының тұрақты дамуына жәрдемдесу орталығының басшылығы мен өкілдері, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰДБ түрлі жобаларының менеджерлері сөз сөйледі.