«ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ» атты дөнгелек үстел

08.12.2022

Көрулер: 425

2022 жылы 8-желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасы мен ҚазҰУ қалашығы дерекциясының ұйымдастыруымен «ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ» атты дөнгелек үстел өткізілді. Аталған шараға ҚазҰУ-дың тарих факультетінің деканы Д.Қ.Байқонақов пен Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы, білім алушы жастар қатысты. Дөнгелек үстелге «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері: Бөгенбаева Нұржамал, Сейтқазиева Ұлбосын, Қайырбекова Майра, Кәріпжанов Аманғазы, Әбдірашид Бәкірұлы қатысты. «Желтоқсан оқиғасының» құрбаны болған, бүгінде ҚазҰУ қалашығы директорының орынбасары Қалшаев Есенғали шараны ұйымдастырушы ретінде көп үлес қосты.

Аталған шараға Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к., Е.Ноянов модератор болды. Шара барысында оқиғаға қонақтардың естеліктерінен тыс, «Желтоқсан оқиғасына» қатысты құжатты фильмдерден үзінділер, осы тақырыпқа қатысты кітаптар көрмесі және сахналық қойылым көрсетуді Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Ж.М.Арынов ерекше ұйымдастырушылық қабілетімен жүзеге асырды.