Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай “Ұлт мұратымен үндескен ұлы суреткер-Мұхтар Әуезов” атты университеттік шара өткізілді

15.04.2022

Көрулер: 1034

2022 жылдың сәуір айының 14-жұлдызында Филология факультетінде Тарих  факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Қозыбақова Фатима Ақынбайқызының  “Қазақ тілі мен әдебиеті” және “Әдебиеттану” топтарының ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай “Ұлт мұратымен үндескен ұлы суреткер-Мұхтар Әуезов” атты университеттік шара өткізілді. Жетекшісі :Қозыбақова Фатима Ақынбайқызы. Конференцияда ақынның өмір жолы, еңбек жолы, біз білмейтін ерекше қырлары айтылды. “Еңлік-Кебек” пьесасынан үзінді көрініс қойылып, ұлы суреткерге жас ақындар өз поэзиясынан арнау арнады. Шараға тарих факультетінің белгілі профессорлары қатысты. Шараның жоғарғы деңгейде өткені туралы сөз сөйлеп, студенттердің дайындығына риза болғандарын жеткізді. Шара барысында студенттер Мұхтар Әуезовтың өмір жолы мен шығармашылығын ерекше тәсілдер арқылы таныстырып өтті.Яғни,студенттердің әзірлеген жұмыстары реферат,схемалық жұмыс,картамен жұмыс түрінде көрсетілді әрі  қосымша деректері презентацияланып  берілді .Студенттер Мұхтар Әуезов жайында айтылған дүниежүзі ғалымдарының пікірлерінде ерекше атап көрсетті.Мұндай ерекшелік қатысушылар мен көрермендердің Мұхтар Әуезов өміріне тереңірек үңілуіне мүмкіндік берді.