«Қазақтың батыр қыздары» атты тақырыпта іс-шара – дөңгелек үстел өткізілді

18.03.2022

Көрулер: 1034

2022 ж. 18 наурыз күні 10.00-11.00 сағат аралығында филология факультеті 1-курс Шетел тілі: екі шет тілі мамандығы 104-тобы студенттерімен 1-6 аудиторияда «Қазақтың батыр қыздары» атты тақырыпта іс-шара – дөңгелек үстел өткізілді.

         Онда осы топ студенттері «Шығыстың қос шынары» Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова және Қазақстан Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова туралы баяндамалар жасап, олардың өмірі мен Ұлы Отан соғысындағы ерен ерлігі туралы таныстырып өтті. Олар слайдтар мен басқа да көрнекі құралдар арқылы сүйемелденіп отырылды. Аудитория тарапынан сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінің аға оқытушысы С. Смағұлов тарапынан талқыланған мәселелер қорытындыланып, мазмұнды тұжырымдамалар жасалды. «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа үлгі» екендігі айтылды. Жастардың ел қорғауға әрқашан дайын болу керектігі, Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай қорғау қажеттігі, өз елінің патриоты болу, еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін бағалай білу, оларды мақтаныш тұту қажеттігі мәселелері көтерілді.

Жоғарыдағы мәслелер бойынша баяндамалар жасап, талқылауға төмендегі студенттер белсене қатысты:

  1. Шалқарбай Лашын
  2. Ташмахамбет Балзия
  3. Жәнібекқызы Айкөркем
  4. Қонаева Аружан
  5. Тельманқызы Шұғыла
  6. Қурақ Мөлдір
  7. Қурақ Махаббат
  8. Тұрғын Ақбота