БАРША ҰЛТҚА ҚҰТ МЕКЕН БОЛҒАН – ҚАЗАҚСТАН

01.03.2022

Көрулер: 1009

2022 жылы 1 наурыз күні филология факультеті 1-курс, екі шет тілі мамандығы 102-тобымен 316 аудиторияда 16.00-17.30 сағат аралығында 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған іс-шара өткізілді.

1 НАУРЫЗ - АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!

Іс-шара тақырыбы:

БАРША ҰЛТҚА ҚҰТ МЕКЕН БОЛҒАН – ҚАЗАҚСТАН.

Баяндама тақырыптары:

  1. Корей халқының Қазақстанға жер аударылуы.
  2. Қазақстанға неміс халқының жер аударылу тарихы.
    1. Кавказ халықтарының Қазақстанға күштеп көшірілуінің мәселесі.

        

Алғыс айту күні – ол, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің жариялаған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере біұханбетқалиевалді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Осы топтың студенттері Мұханбетқалиева Милана «Корей халқының Қазақстанға жер аударылуы», Нарикова Маржан «Қазақстанға неміс халқының жер аударылу тарихы», Тағайбек Аяна «Кавказ халықтарының Қазақстанға күштеп көшірілуінің мәселесі» атты тақырыптарда баяндама жасады.

Оразақын Асқар «Балбырауын» күйін, Кличханова Жібек «Үш бақытым», Қаирмағамбетова Томирис Мұқағали Мақатаевтың «Отан» туралы өлеңін, Мысырқызы Мәдина «Алтын бесік» әнін орындады.

Іс-шара қызықты өтті. Топ студенттері баяндамалар бойынша өз ой-пікірлерін білдірді. Іс-шараның сценарийін топ старостасы Айтбекова Арайлым бастап, өздері жасады және жүргізді. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінің оқытушысы С. Смағұлов баяндамалар бойынша қорытындылар жасап, ой-пікірлерін айтып, осы күннің тарихи маңызын, маңызды орны мен рөлін айқындады.