Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы құрамына мүше болып кіруінің 30 жылдығына арналған іс-шара өткізілді

03.03.2022

Көрулер: 1009

2022 жылы 3 наурыз күні 11.30-12.30 сағат аралығында Тарих факультетінің 422 аудиторияда 3-курс ғылыми тарих мамандығы 301-тобында, топ кураторы С. Смағұловтың жетекшілігімен Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы құрамына мүше болып кіруінің 30 жылдығына арналған іс-шара өткізілді. Бұл мәселе бойынша баяндаманы эдвайзерлік топтың кураторы С. Смағұловтың өзі жасады. Артынан аудитория тарапынан сұрақтар қойылып, пікір айтылып, талқыланды. Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайдағы бейбітшілікті сақтаудағы БҰҰ-ның маңызды рөліне ерекше көңіл бөлінді.