Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұстаздары Ахметжанова Ажар Тоқсанқызы т.ғ.к., доцент, Тасилова Назия Айтбаевна т.ғ.к., доцент, Байдавлетова Мадина Досбергенқызы PhD докторы, доцент, Искакова Ғалия Зейділдаевна - PhD докторы, кәсіптік бағдар беру мақсатында

07.12.2021

Көрулер: 1376

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұстаздары Ахметжанова Ажар Тоқсанқызы т.ғ.к., доцент, Тасилова Назия Айтбаевна т.ғ.к., доцент, Байдавлетова Мадина Досбергенқызы PhD докторы, доцент, Искакова Ғалия Зейділдаевна - PhD докторы, кәсіптік бағдар беру мақсатында 7 желтоқсан 2021 сағат 11.00–11.50-де Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылындағы Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектеп оқушыларымен «Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы» тақырыбында онлайн кездесу өткізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл сан ғасырлық тарихымызда ата-бабаларымыз аңсаған арманы еді. Бүгінгі Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы мемлекеттері, ортағасырлардағы Түркі империялары, Алтын Орда, Ақ Орда - мемлекеттілігіміздің тарихи бастаулары десек, Қазақстан Республикасы осы мемлекеттер мен империялардың заңды мұрагері бола отырып, өзінің тәуелсіздігін қайта қалпына келтірген, ешқандай елді қайталамайтын қазақстандық дара даму жолын жүзеге асырып келе жатқан іргелі ел.

Еңсемізді тіктеп, егемен ел атанып, өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстан қаншама қиындықтарға жолықса да тастай берік төзімділіктің арқасында, жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін, өркениетке деген үмітін мойындатты. Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы – біздің мемлекеттің Тәуелсіздігінде.