Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттарының «Рухани жағыру» бағдарламасын практикалық іске асыру жөніндегі конференцияға қатысуы.

21.11.2020

Көрулер: 1545

2020 жылдың 21 қарашасында тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Удербаева Сәуле Кәрібайқызы «Жас студенттерді тәрбиелеуде музейлердің рөлі мен маңызы: «Рухани жағыру бағдарламасы» практикалық жүзеге асыру» Ақтөбе қаласындағы Қазақстан-Ресей Халықаралық Университетінің тарих және этнография ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен жүзеге асырылған Халықаралық онлайн конференциясының жұмысына қатысты. С.К. Удербаеваның басшылығымен магистранттар Макашева Даяна (2 курс) «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткізілген іс-шаралар» атты баяндамамен және Джиеналиева Камшат «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттердің Алматы мұражайында квест өткізу тәжірибесі» баяндамамен қатысты.