Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ЮНЕСКО жанындағы «Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы» 2021 жылы 5 ақпанда Сарыбай би Айдосұлының туғанына 200 жыл толуына орай «Жамбылдың ұстазы Ер Сарыбай би Айдосұлы» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжір

19.01.2021

Көрулер: 1888

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ЮНЕСКО жанындағы «Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы» 2021 жылы5ақпанда Сарыбай би Айдосұлының туғанына 200 жыл толуына орай«Жамбылдың ұстазы Ер Сарыбай би Айдосұлы» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. 

Конференция мақсаты –Сарыбай Айдосұлының (1821-1890 жж.) тарихи рөлін, сондай-ақ ХІХ ғасырдағы Жетісу өңірінің басқа да тарихи тұлғаларының қызметі мен тарихымызға қосқан үлесін зерттеу, тақырыпқа қатысты концептуалдық көзқарастарды талқылау болып табылады.

Конференцияға қосылу Zoom

https://us02web.zoom.us/j/86819018158?pwd=Z1EwbTdIeFFtczEyb0FMOUN6UDY4QT09

Конференция идентификаторы: 868 1901 8158

Кіру коды: 197940

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Бас оқу ғимараты 3, каб. 4-4, Қазақстан тарихы кафедрасы. Тел.: +7 (727)3773338 (вн. 12-86), 87078737923 – Байдавлетова Мадина Досбергенқызы, e-mail: kafedra.kaz@gmail.com

Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби кітапханасы, Абай залы (308 зал). Басталуы: сағ.11.00.