Ауған соғысының батырлары
Көрулер: 4404
Бұл шараны ҚР-ның Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Ауған соғысының ардагері Болат Сайлан ұйымдастырды.
Бұл кездесуге ҚР Парламенті мәжілісі спикерінің орынбасары, генерал-лейенант В.Божко (Астана қ.), ҚР Парламенті мәжілісінің депутат-тары, Халық қаһарманы Б.Ертаев (Астана қ.), Ауған соғысы ардагерлерінің «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Б.Смағұл (Астана қ.), Ауған соғысының ардагерлері, т.ғ.д., профессор Б.Сайлан (Алматы қ.), Ж.Махашев (Астана қ.) қатысып Ауған соғысының қасіреті төңірегінде әңгімелеп, осы соғыстағы қазақстандық батырлардың ерен ерліктерін баяндады. Кездесу соңында Болат Сайланға «Құрмет» ордені табыс етілді.






