ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНЫ ТӨЛ ТЕҢГЕГЕ – 25 ЖЫЛ
31.10.2018Тәуелсіздік жаршыларының бірі төл теңгенің туған күніне орайластырып, «Төл теңге - тәуелсіздігіміздің айғағы» атты тақырыпта арнайы география және табиғатты пайдалану факультетінің 1 курс студенттерімен тәрбие сағаты өтіп, теңгеміздің тарихы мен оның еліміздің рухани дамуындағы рөлі сөз болып, пікірлер білдірді. Бүгінгі күні теңге тұтастай Қазақстан мен оның халқының дербес тіршілігінің, мемлекет тәуелсіздігінің айғағы ретінде қолданысқа ие болып отыр. Ұлттық ақша осы жылдар ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен түрлі қаржы дағдарыстарына төтеп беріп қана қоймай, жұртшылық тарапынан инвестициялық сенімге де ие болды. Ел экономикасы өсіп, ішкі жалпы өнім ұлғайғалы бері теңге жұртшылық назарын тұрақты, сенімді валюта ретінде аудара бастады. Сол себепті де төл теңгеміздің құнын біліп қана қоймай, оның еліміздің тәуелсіздігінің айрықша белгісі болып отырғандығын жас ұрпақ санасына жиі салып отыру артық болмасы анық






