Тарих, археология және этнология факультеті, Қазақстан тарих кафедрасы жастардың рухани санасын жаңғырту мақсатында Қазақ журналистикасының майталмандарының бірі, «Сүйінбай мен Қатаған» айтысын жаңғыртушы, «Құрмет» орденінің, «Ақпарат саласының үздігі» сыйлығының лауреаты, Қазақ радиосының ардагері Қойшығұл Мұстафаұлымен «Жыр-аңыз дәстүр: өткені мен жаңғыруы» атты тақырыпта арнайы кездесу өтті. Кездесуге тікелей ұйтқы болған т.ғ.к., қауымдастырлыған профессор , факультет деканы М.С. Ноғайбаева болды. Сол сияқты республикаға танымал ғалым, факультет профессоры Қ.Т. Омарбеков, Қазақтан тарихы кафедрасының меңгерушісі, профессор Б.К. Карибаева, кафедра профессоры Б.С. Сайлан, кафедра меңгерушісінің орынбасарлары доцент Е.Н. Ноянов, PhD доктор М. Байдаулетова қатысты. Тарих, археология және этнология факультеті мен География және табиғатты қорғау факультетінің 1 курс студенттері қатысты
Кездесуді ұйымдастырған кафедра доценті Г.Е. Абикенова, доцент Уразбаева А.М., оқытушы Менситова Г., оқытушы Дуйсебаева А