«АДАМ ЖӘНЕ ӘЛЕМ»
Көрулер: 3288
Байқауға қабылданатын шығармашылық жұмыстар:
1. Прозалық көркем шығармалар (әңгімелер).
2. Өлеңдер.
3. Көркем публицистикалық шығармалар (очерк, эссе).
Тақырыптар: еркін.
Байқауға бір қатысушы бір прозалық шығарма (пункт 1 немесе 3 – екі беттен аспауы тиіс) немесе үш поэзиялық шығарма (пункт 2) тапсыра алады. (Шрифт Times New Roman 14, жол арасы – 1,5, жиегі 2*2*2*2).
Шығармаларды орыс және қазақ тілінде жазуға болады.
Байқауға қатысу үшін тапсырылатын материалдарды sadenovaа@mail.ru электронды поштаға «Шығармашылық байқау» атауымен жіберуі тиіс.
Көркем шығармалармен бірге автор туралы мәліметтер міндетті түрде төмендегідей тәртіппен берілуі тиіс:
1. Аты-жөні;
2. Туған жыл, айы, күні;
3. Мекенжайы, телефоны, электронды поштасы;
4. Оқу орнының атауы (ЖОО, колледж, мектеп).
Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультетінің алдыңғы қатарлы профессорлары мен білікті оқытушылары қатыстырылады.
Ұйымдастыру комитеті материалдарды 2018 жылдың 15 қыркүйегі мен 01 қарашасы аралығында қабылдайды.
Жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздарға Халық жазушысы Ә. Нұршайықов атындағы стипендия тапсырылады.
Ұйымдастыру комитеті 6 жүлделі орын белгілеп отыр (3 – қазақ тіліндегі шығарма, 3 – орыс тіліндегі шығарма).
Жеңімпаздарға сыйақының салтанатты түрде тапсырылуы 2018 жылы 23 қарашада, сағат 14:00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Кіші залында өтеді. Мекенжайы: Алматы қаласы. Абай даңғылы 14.
Басқа қалалар қатысушыларының шығармалары жүлде иеленген жағдайда стипендиясын банк карточкасы арқылы ала алады.
Ең үздік деп танылған шығармалар жазушының http://www.nurshaihov.kz жеке сайтында жарияланады.
Сіздердің шығармашылық жұмыстарыңызды күтеміз!
Байқауды ұйымдастыру комитеті.






