"Көңілді әндер" клубы

ЕРЕЖЕ

 

«Көңілді әндер» клубының басты ұстанымы – ЖОО дейінгі білім беру факультетінде қазақ және орыс тілдерін үйреніп жатқан шетел студенттерін қазақ және орыс әндерімен таныстыру. Бұл бір жағынан шетелдік студенттердің қазақстандық сазгерлердің сазды әуендерімен сусындауға және сазгерлердің әндеріне сөз жазған ақындардың өлеңдерімен танысуға мүмкіндік береді.

 

1. Клубтың мақсаты мен міндеттері

 

«Көңілді әндер» клубының негізгі мақсаты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне шетелден келген студенттерге қазақ және орыс халықтарының халық, ретро және қазіргі эстрадалық әндері, сонымен қатар ән мәдениеті жайлы мәлімет беру. Ән өнері арқылы қазақтың дархан даласының тарихынан, өткені мен бүгінен, лирикасынан хабар беретін сазды әуендермен, әуезді әндермен таныстыру.

 

2. Клубтың басты міндеттері

 

● клуб мүшелері айтатын қазақ және орыс тілдеріндегі әндерді таңдау;

● шетелдік студенттерді таңдап алынған әндердің сөздерімен таныстыру;

● клуб қызметіне қажетті ақпараттар жинау және клуб қызметі туралы ақпараттар тарату;

● факультет қабырғасында мәдени және мерекелік іс-шараларға байланысты өтетін кештерге концерттік нөмірлер дайындау;

● шетелдік студенттер арасында ән байқауларын өткізу.

 

3. Клуб мүшелерінің міндеттері

 

● клубтың алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне жету мақсатында қолдау көрсетуі;

● клубтың жоспарын орындауы;

● клуб мүшелері өзара ынтымақтастықта болуы және этика кодекісін сақтауы;

● клуб жұмысына белсенді түрде араласуы қажет.

 

4. Клуб жетекшісі

 

● Клуб мүшелерін таңдап алады;

● Клуб жұмысының үйлесімділігін қадағалайды;

● Клуб жұмысының кестесін, орнын, уақытын, күн тәртібін жариялайды;

● Әр семестрдің соңында клуб жұмысы туралы есеп береді.

 

5. Клуб төмендегідей құраммен жасақталған

● Клуб жетекшісі

● Клуб жетекшісінің көмекшісі

● Клуб мүшелері

 

"Көңілді әндер" клубының жұмыс жоспары

 

Жұмыс түрлері

Орындау уақыты

 1.

Студенттермен танысу, студенттерді клуб мүшелігіне алу

Қыркүйек

 

 2.

Абай атындағы опера және балет театрына бару.    

Қазан

 3.

Клубтың ашық сабағын өткізу.    

Қазан

 4.

"Кафедраның ашық есік күні" іс-шарасына дайындық және қатысу.

Қараша

 5.

Клубтың ашық сабағын өткізу.    

Қараша

 6.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. ҚР мемлекеттік рәміздерімен танысу. Халықаралық қысқы мәдениет фестиваліне студенттерді дайындау және қатысу.

5 музыкалық нөмір.

Қараша-желтоқсан

 7.

Жатақханада клубтың ашық сабағын өткізу.    

Қаңтар

 8.

Жатақханада клубтың ашық сабағын өткізу.    

Ақпан

 9.

Студенттерді Халықаралық ұлттық тағамдар фестиваль-байқауына, сондай-ақ университеттік Наурыз мерекесіне дайындау.                                  

3-4 музыкалық нөмір

Наурыз

10.   

Жатақханада клубтың ашық сабағын өткізу.    

Сәуір

 

11.   

Халықаралық ұлттық тағамдар фестиваль-байқауына, сондай-ақ "ҚазҰУ-дағы Наурыз мерекесіне студенттердің қатысуы»

Сәуір

12.   

"Қош бол!" «Кездескенше!» атты Халықаралық студенттер фестиваліне студенттерді дайындау және қатысу

Сәуір-мамыр

13.   

Халық аспаптар мемлекеттік мұражайына экскурсия ("Саяхат" өлкетану клубымен бірге)

Мамыр