Оқу-әдістемелік қызмет

     Алғаш оқу құралын жазуға деген талпыныстың нәтижесі Л.В. Екшембеева, Ж.А. Нұршайықова, Е. М. Степанова сынды авторлар бірлестігімен жарық көрген «Уроки русского языка для иностранцев» атты оқу құралы болды. Оқулық 1996 жылғы Сорос-Қазақстан қорының гуманитарлық оқу әдебиеттері бойынша жариялаған конкурс грантына ие болып, «Жеті жарғы» баспасында басылып шықты.

     Оқу әдебиеттеріне деген тапшылықты жою мақсатында кафедра мүшелері жыл сайын қазақ, орыс тілдерін шет тіл ретінде оқыту мен аспектілік оқу пәндері бойынша оқулық жазумен айналысып келеді. Бұл оқу құралдарының авторлары А.С. Айтпаева, А.К. Ахмедова, М.А. Азнабакиева, Р.И. Дүйсенбаева, М.П. Ешімов, Қ.С. Каскабасова, Т.В. Курманова, И.В. Мацко, Г.Ә. Машинбаева, Г.А. Мусаева, Ж.А. Нұршайықова, Л.С. Торохтий, Г.Е. Утебалиева. Қазіргі уақытта қазақ, орыс тілдерін шет тіл ретінде оқыту мен аспектілік пәндерді оқыту бойынша кафедра мүшелері жазған 100-ден аса оқу құралдары қолданылады.

     90-жылдардан бастап шетелдіктер мемлекеттік тілге қызығушылық таныта бастады. Бұл Қазақстан тіл білімінде жаңа бағытты дамытуға итермеледі. Осы кезден бастап кафедрада шетелдіктердің өзге тілді меңгеруінде теория мен практика – орыс тілін шет тіл ретінде оқыту мен қазақ тілін шет тіл ретінде оқыту сияқты екі бағытқа қатысты дамып келеді.

     Қазақ тілін шет тіл ретінде оқыту – terra incognita – территория шетелдіктердің тілдік дайындығы кафедрасы зерттеп келе жатқан тылсым аймақ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан Республикасының жоғары білім беретін оқу орындарының ең озығы болғандықтан мұнда Қазақстанның мемлекеттік тілін оқу үшін шетелдіктер көп қызығушылық танытып келеді.

     1994 жылдан бастап қазақ тілін оқыту маңызды түрде жүргізіле бастады. Қазақ тілін оқытудың дәстүрлі әдістері шетелдіктермен жұмыс істеуде қарым қатынасты белсендіруге, қазақша сөйлеу мен оны түсінуге үйрету үшін жеткіліксіз еді. Бұл тығырықтан 1998 жылы Л.В. Екшембееваның ғылыми жетекшілігімен кафедра мүшелері жазып, «Балауса» баспасында басылған қазақ тілінің «Қазақша сөйлегіңіз келе ме?» кешенді оқу құралын шығарды. Бұл кешен Сорос-Қазақстан қорының қазақ тілі оқу әдебиеттеріне жарияланған грантын жеңіп алды.

     1999 жылы кафедраның оқу жоспарында мемлекеттік тілмен байланысты тағы бір жаңа пән – қазақ тілінің интенсивті курсы пайда болды. Осы пәнді оқу құралымен қамтамасыз ету мақсатында 2000 жылы Ж.А. Нұршайықова мен Г. А. Мұсаеваның қазақ тілі оқу құралы «Бастау» шықты. 2009 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Тіл комитеті жариялаған қазақ тілі оқу құралдарына арналған бәйгеде ынталандыру сыйлығын ұтып алған «Қазақ тілі» оқу құралы (шетелдіктерге арналған интенсиві курс) шықты.

     2013 жылдан бастап кафедра «Тілдерді оқыту технологияларының диагностикасы» атты Республикалық педагогикалық идеялар фестивалін өткізіп келеді. Фестиваль қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытудың өзекті мәселелері бойынша пікірталастар алаңы болып табылады, негізгі міндеттер: озық тәжірибелермен алмасу, жаңа әдістермен танысу, тілді оқыту саласындағы заманауи тәсілдерді талқылау. Фестивальдің нәтижесі - «Педагогикалық инновациялардың дайджесті» ғылыми-әдістемелік материалдар альманахы.

 

Дайджест № 1.pdf

Дайджест № 2.pdf

Дайджест № 3.pdf

Дайджест № 4.pdf

Дайджест № 5.pdf

Дайджест № 6.pdf

Дайджест № 7.pdf

Дайджест № 8.pdf