Көптілділік білім берудің Ресурстық орталығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы

"Көптілділік білім берудің ресурстық орталығы" ғылыми-білім-беру орталығы

 

Біздің орталықта курстар А1 деңгейімен басталып, С2 жоғары деңгейімен аяқталатын Европа кеңесінің шет тілін игерудің Жалпы европалық құзыреттілігінің келісімі бойынша қазақ және орыс тілдері 6 негізгі оқыту деңгейлеріне бөлініп оқытылады.

Орталыққа қабылданар алдында тілдік деңгейді анықтау жүргізіледі, қазақ тілі мен орыс тілдерін интенсивті үйренуге жекеше немесе арнайы бағдарламалар әзірленеді.

Орталық тыңдаушыларына арналған Қазақстан мәдениеті бойынша арнайы курс әзірленген.(Алматы мұражайларына эксурсиялар, табиғат аясында серуендер, Іле Алатауы шыңдарын тамашалау, тау-шаңғы курорты Шымбұлақ, Көлсай көлдері т.б. қазақ қонақжайлығы, ұлттық тағамдар, қазақ халқының салт –дәстүрімен таныстыру сияқты сабақтар)

Сабақтан кейінгі уақытта студенттер сұқбат-пікірсайыс, музыкалық, кино-клуб сияқты клубтардың сабақтарында тілдерін дамыта алады.

Барлық оқу кезеңінде шет елдік студенттердің елге бейімделуіне, уақыттарын қызықты өткізуіне қазақстандық студент-волонтерлардан құралған лингвистикалық серіктестер көмектеседі.

Оқудың соңында бағдарламаны табысты аяқтаған барлық студенттер әл-Фараби ат. ҚазҰУ сертификатын алады.

 

Қазақ және орыс тілдерін оқыту Орталығының негізгі тілдік бағдарламалары:

 

  •                     Қазақ және орыс тілдерінің жалпы базалық курсы
  •                     Қазақ және орыс тілдерінің интенсивті курсы
  •                     Қазақ және орыс тілдері мамандық тілі ретінде
  •                     Практикалық фонетика
  •                     Сөйлеу практикасы
  •                     Тіл – бұқаралық ақпарат құралы
  •                     Гид-аудармашы
  •                     Қазақ және орыс тілдері бойынша тест тапсыруға дайындық
  •                     Қазақ және орыс тілдері дипломаттар үшін
  •                     Қазақ және орыс тілдерін оқыту әдістемесі
  •                     Қазақстан мәдениеті

 

Байланыс үшін:

Мұсабекова Ұлжан Есеновна, Көптілділік білім берудің Ресурстық орталығының директоры, тел: +77017600086, u.mussabekova@mail.ru;

Азнабакиева Мария Адилбековна, директор көмекшісі, тел: +77078258833, +77015577950; m.aznabakiyeva@gmail.com 

Медеуге саяхат

Қазақстанның табиғатымен танысу. Шымбұлақта

Есік көліне саяхат

Бутаковкаға жаяу саяхат

Кастеев өнер мұражайына саяхат

Наурыз мерекесінде

Кітап мұражайына саяхат