"Алматы қаласының тарихы. Көрнекті орындары"
02.10.20202020 жылдың 2 қазанында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының куратор-эдвайзерлері шетелдік студенттер үшін "Алматы қаласының тарихы. Көрнекті орындары" атты ашық тәрбиелік шара өткізді. Іс-шара барысында оқытушылар қаланың құрылуы мен дамуына әсер еткен оқиғалар туралы айтып, тыңдаушылардың назарына бейнематериалдар ұсынды. Студенттер сонымен қатар берілген тақырып бойынша хабарламалар жасады.






