А. Байтұрсынұлы мұражай-үйіне онлайн саяхат
23.10.20202020 жылдың 23 қазанында тәрбие жұмысы бойынша "Көңілді әндер" музыкалық клубы жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының кураторларымен бірлесіп, қазақ тілін үйреніп жүрген шетелдік студенттерге "А. Байтұрсынұлы мұражай-үйіне онлайн саяхат" атты тәрбиелік ашық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында шетел азаматтары "Ұлт ұстазы" атанған Ахмет Байтұрсынов туралы, қазақ қоғам және мемлекет қайраткері, "Алаш" партиясының мүшесі, ағартушы, ғалым-лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы туралы білді. Тыңдаушыларға бейнематериалдар көрсете отырып, оқытушылар тамаша әдебиетші, педагог, лингвисттің өмірбаяндық деректеріне тоқталды. Қазақ тілін оқып жатқан тыңдаушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, оқытушылар Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілінің негіздерін және қазақ грамматикасын анықтау үшін ғылыми терминологияны қалыптастырғанына аудиторияның назарын аударды.






