2019 жылдын 16 қарашасы күні №14-жатақхананың акт залында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен «Нур-Султан - история и современность» атты ашық тәрбиелік шара өтті. Шараны өткізуге жауапты: Айдарова Б.С., Мацко И.В.
Шара барысында шетелдік студенттерге Астананың астана ретінде қалыптасу тарихы туралы қысқаша ақпарат ұсынылды.1961 жылы Ақмола Целиноград болып өзгертілді. 1992 жылы Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін қаланың тарихи атауы - Ақмола қалпына келтірілді. Астана тарихы - бұл жаңа Қазақстанның қалыптасу тарихы.Бүгінгі таңда Астана мүлдем басқа қала. Астана 1997 жылы 10 желтоқсанда Қазақстанның астанасы болып жарияланды. Астананың жаңа Елорда ретіндегі халықаралық өкілдігі 1998 жылғы 10 маусымда өтті.Астана күні жыл сайын 6 шілдеде аталып өтеді. 2019 жылы 23 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым -Жомарт Тоқаев Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды.