Іс-шаралар күнтізбесі

Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы

23.11.2018

«Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының 1 курс студенттерімен Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақаланы талқылау барысында студенттер бұл мақала бүгінгі күнге дейін жасалған археологиялық және басқа да салалардағы жұмыстарды мойындау және жастар үшін болшаққа серпін деп қорытынды жасады.

Ары қарай оқу >>

Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тақырыбында дөңгелек үстел

21.11.2018

«Археология және этнология» мамандығының 1 курс студенттерімен Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақаланы талқылау барысында студенттер бұл мақала бүгінгі күнге дейін жасалған археологиялық және басқа да салалардағы жұмыстарды мойындау және жастар үшін болшаққа серпін деп қорытынды жасады.

Ары қарай оқу >>

Д.Қонаев музейінің қызметкері Г.Абдулинованың дәрісі

20.11.2018

Музеолог клубы аясында Д.Қонаевтың  басшылығы кезіндегі  Алматы қаласы атты тақырыпта Д.Қонаев музейінің қызметкері  Г.Абдулинованың дәрісі өтті. Дәріс барысында студенттерге Д.А.Қонаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған фильм көрсетілді. Дәріске қатысқандар: «Тарих,археология және этнология» факультетінің, 3-курс музей ісі және ескерткішті қорғау мамандығы.

Ары қарай оқу >>

«Археология және этнология» мамандығы 1 курс студенттерінің мәдени демалысы

17.11.2018

«Археология және этнология» мамандығының 1 курс студенттері Мұхтар Әуезов атындағы театрға барып, «Бейбарыс сұлтан» қойылымын тамашалады. Қойылымды тамашалау студенттер үшін өте қызықты болды, әрі олар танымал актерларды көре алды. Сонымен қоса, студенттер қойылым мен Бейбарыс сұлтан тұлғасының тарихын салыстырып, тарихты өз көздерімен көргендей болды.

Ары қарай оқу >>

Музей экспозициясындағы жаңа технологиялардың алатын орны атты тақырыпта С.Бекбаевтың дәрісі

11.11.2018

Музеолог клубы аясында С.Бекбаевтың Музей экспозициясындағы жаңа технологиялардың алатын орны атты тақырыпта дәрісі өтті. Дәріс барысында тақырыпқа байланысты қызықты мағлұматтар ұсынылды. С.Бекбаевтың дәрісінен кейін студенттер арасында қызығушылық оянып, тақырыпқа тереңірек көңіл бөліне бастады.

Ары қарай оқу >>

«Golden mind» интеллектуалдық сайысы

08.11.2018

Тарих, археология және этнология факультетінде 1 курс студенттерінің шығармашылық қабілеттерін ашу мақсатында «Golden mind» интеллектуалдық сайысы өтті. Сайыста әр мамандықтан бірнеше командалар қатысты. Интеллектуалдық сайыс барысында 1 курс «Археология және этнология» мамандығының студенттерінен құралған «Ақсүйек» командасы 1-орын алды.

Ары қарай оқу >>

«Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы 1 курс студенттерінің мәдени демалысы

07.11.2018

«Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының 1 курс студенттері Мұхтар Әуезов атындағы театрға барып, «Бейбарыс сұлтан» қойылымын тамашалады. Қойылымды тамашалау студенттер үшін өте қызықты болды, әрі олар танымал актерларды көре алды. Сонымен қоса, студенттер қойылым мен Бейбарыс сұлтан тұлғасының тарихын салыстырып, тарихты өз көздерімен көргендей болды.

Ары қарай оқу >>

Шарын шатқалына саяхат

04.11.2018

Тарих, археология және этнология факультетінің студенттері Археология, этнология және музеология кафедрасы «Археолог» үйірмесінің ұйымдастыруымен Алматы қаласынан 200 шақырым жерде орналасқан Шарын шатқалына саяхат жасады. Саяхат барысында факультет студенттері Шарын ұлттық паркінің табиғатымен танысты.

Ары қарай оқу >>

Алмаарасандағы демалыс

03.11.2018

«Археология және этнология мамандығының 3 курс студенттері Алмараасанға қызықты саяхат  жасап қайтты. Алматы қаласының оңтүстік батысында, 20 км қашықтықта Алмарасан Іле Алатауының баурайында 1780 м биіктікте орналасқан. Шатқал бойымен Үлкен Алматы өзенінің саласы «Өтпелі» өзені ағып жатыр. Бұл сапар табиғат аясындағы демалыстардың бірі болып табылады.

Ары қарай оқу >>