Алмаарасандағы демалыс
03.11.2018
Көрулер: 1759
«Археология және этнология мамандығының 3 курс студенттері Алмараасанға қызықты саяхат жасап қайтты. Алматы қаласының оңтүстік батысында, 20 км қашықтықта Алмарасан Іле Алатауының баурайында 1780 м биіктікте орналасқан. Шатқал бойымен Үлкен Алматы өзенінің саласы «Өтпелі» өзені ағып жатыр. Бұл сапар табиғат аясындағы демалыстардың бірі болып табылады.