Іс-шаралар күнтізбесі

Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының қолдауымен және «Айтыс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Елорданың 20 жылдығына арналған «Астана – айбынды »

22.12.2018

Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының  қолдауымен және «Айтыс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Елорданың 20 жылдығына арналған «Астана – айбынды » атты ақындар айтысында Археология, этнология және музеология кафедрасының студентті Бирлесбек Саягуль 2 орын алды

Ары қарай оқу >>

«Милли фольклор» журналының бас редакторы Оджал Огуздың дәрісі

21.12.2018

Түркияның ЮНЕСКО-дағы ұлттық комиссиясының төрағасы, ТҮРКСОЙ Ұлттық комиссиясының төрағасы, «Милли фольклор» (Web of science, Scopus) журналының бас редакторы, Қажы Байрам Вели атындағы Анкара университетінің профессоры ОДЖАЛ ОГУЗ археология, этнология және музеология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына, докторанттар мен магистранттарға "Милли фольклор" журналындағы қазақстандық жарияланымдар атты дәрісін оқыды.

Ары қарай оқу >>

Тілдер апталығы аясында Алматы Орталық музейіне саяхат

13.12.2018

Тілдер апталығы аясында, «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандықтарының 4 курс студенттері Алматы қаласының орталық мұражайында Қазақстан телеарнасының 60 жылдығына орай өткізілген дөңгелек үстелге қатысып,  Алматы музейіндегі жәрігерлерді тамашалады.

Ары қарай оқу >>

«Тәуелсіздік тұғыры биікте» тақырыбында дөңгелек үстел

13.12.2018

«Археология және этнология» мамандығының 1 курс студенттерімен ҚР-ның тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғыры биікте» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Әңгіме барысында қазақ халқының тәуелсіздікке жетер жолындағы өткені талқыланды.

Ары қарай оқу >>

Таза сессия

12.12.2018

«Таза сессия» тақырыбында «Археология және этнология» мамандығының 1 курс студенттерімен кураторлық сағат өткізілді. Студенттерге қорытынды емтихан ережелері (экзамен) таныстырылып, студенттер үлгерімінің аттестациясындағы өзгерістер талқыланды.

Ары қарай оқу >>

Музеолог үйірмесі аясында факультеттік пәндік олимпияда

07.12.2018

Олимпиада 3 кезеңнен құралды. Тапқыр ойлар мен бәсекеге толы жарысқа 1-4-курс студенттері қатысты. Орын алған командалар «Республикалық олимпиадаға» жолдама алды. Әділ-қазылар алқасының құрамында арнайы шақырылған Алматы музейінің қызметкері болды. Әділ бағалары беріліп, студенттерге үлкен үміт артылды.

Ары қарай оқу >>

«Адам өмірінде отбасының алатын орны» атты тәрбие сағаты

06.12.2018

«Археология және этнология» мамандықтарының 3 курс студенттері кураторы Баудиярова Құралай ұстазбен «Адам өміріндегі отбасының алатын орны» атты тәрбие сағатын өткізді. Әр студент өз отбасының орны туралы сыр шертіп, «Отан- отбасынан басталады» деген тұжырымдамалармен тәрбие сағатының мазмұнына терең көңіл бөлді.

Ары қарай оқу >>